Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Ақтаудағы Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары басына жиһаз түскен 39 жастағы ер адамға ота жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Омыртқа толығымен имплантпен ауыстырылды. Омыртқаны қысатын сүйек құрылымдары алынып тасталды, осылайша жұлын босады. Отадан кейінгі жағдайы тұрақты және ауыр. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр", - деді облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Думан Мырзабеков.
Дәрігерлердің айтуынша, науқасты жақын арада бөлімшеге ауыстыру жоспарланып отыр.
Еске салайық, Ақтауда жоғарғы қабаттан лақтырған жиһаз ер адамның үстіне түскен. Салдарынан оның мойын омыртқасы сынып, облыстық ауруханаға жеткізілген болатын.