Құрбандық – мұсылман танымы бойынша Құдайдың разылығы үшін берілетін садақа, діни амал
Бүгін Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні. Бұл күндері құрбандыққа мал шалып, азығы жоқ, мұқтаж жандарға таратып береді. Ислам түсінігі бойынша жоқ-жітік жандарға көмектесу сауапты іс. Осыған байланысты Айт намазынан кейін жиналған жамағаттың бірқатары мал базарына қарай ағылды. Оның ішінде Almaty.tv тілшісі де бар.
Алматыда биыл құрбандық шалуға 13 орын белгіленді. Оның ішінде «Тау Самалы» базары бар. Мұнда мал алушы адамдар қатары өте көп. Онда қой бағасы 40 мың тегеден басталып, 170 мың теңгеге дейін барады. Қой сою бағасы – 1000-3000 мың теңге аралығында, бас сирақ ұйту – 1000 теңге, ішек-қарын тазалау 1000 теңге тұрады. Дегенмен малдың ішек-қарын алмай кетіп жатқандар аз емес.
Мысалы, суретте көрсетілген қойлар Жамбыл облысы Мерке ауданынан келінген. Бағасы 60 мың теңгеден жоғары.
Сондай-ақ, мұнда 7-8 айлық тоқтылар да бар. Олардың бағасы 40 мың теңгеден басталады. Дегенмен, Айт намазы кезінде Орталық мешіттің бас имамы қаңтар-ақпан айында туған қозылар құрбандық шалуға жарамайтынын айтқан болатын.
Ал мына ақ қойдың бағасы 120 мың теңге тұрады.
Алматы қаласына малдар Алматы, Жамбыл обылысынан, Түрген, Есік қаласынан әкелініп жатыр.
Базарда 6-7 қойды алып, құрбандық шалып жатқан адамдарда бар. Олардың бірі Адақ есімді жігіт. Ол 7 отбасының атынан келіп, 7 қой алып жатырмын дейді.
Айта кетейік, Құрбан айт – мұсылмандардың жыл сайын атап өтетін қасиетті діни мерекесі. Үш күнге созылады.
Құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса ешкіні союға болады. Құсты союға болмайды, ал жылқы малы Имам Ағзам жолы бойынша соғыс көлігі саналатындықтан, құрбандыққа жатпайды. Құрбандыққа қой мен ешкінің бір жасқа толғаны, түйенің бес, сиыр мен өгіздің екі жасқа толғаны сойылады. Бұлардың дене мүшелері түгел әрі сау болуы шарт.