Дүкендердегі косметикалық сынамалардан стафилогок, зең саңырауқұлақтары, герпес, тіпті, гепатит анықталған
Микробиологиялық зерттеулер нәтижесінде дәрігерлер осындай хабарлама таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақ халаттылар жүргізген зерттеу кезінде дүкендерден алынған косметикалық сынамалардан стафилогок, зең саңырауқұлақтары, герпес, тіпті, гепатит бары анықталған. Сондай-ақ, аталған вирустар қарандаштарға, ерін далабы мен щеткаларға оңай түсетіндігін айтады, мамандар. Өз кезегінде сарапшылар ерлерге арналған косметика да қауіпті дейді. Ресейлік косметолог Татьяна Балляран пациенттер көбінесе инфекцияның ағзаға косметика арқылы енетінін түсінбейтінін, сондықтан дәрігерлерге жүгінбейтінін айтты.