Алматыда қоғам белсенділері ерекше балаларға қолдау білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
Іс-шараны ««Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматыда қоғам белсенділері, депутаттар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бас қосып, ерекше балаларға қолдау білдірді. Жиналғандар мүмкіндігі шектеулі жеткіншектермен түрлі спорттық ойындар ойнап, олардың қоғамға бейімделуіне үлес қосты. Іс-шараны ««Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталмыш қор ұзақ жылдар бойы ерекше күтімді қажет ететін балаларды оңалту үшін бірқатар бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Мәселен, 2018 жылы іске қосылған «Саламатты болашақ» жобасы аясында еліміздің 21 қаласында инклюзивті және бейімделген спорт секцияларының желісі ашылған. Қазір ондағы үйірмелерге мыңнан астам тәрбиеленуші тегін қатысып жатыр. Бұдан бөлек, қордың «Жетімі жоқ Қазақстан», «Аутизмді жеңеміз» атты бағдарламалары нәтижелі жұмысын көрсетті.

– 43 жобаны жүзеге асыра отырып, 500 мың адамға көмектестік. Оның ішінде 95 мыңы – ауыл тұрғыны, сондай-ақ 55 мың бала да бар. Ал 625 адамды жобалар арқылы жұмыспен қамти алдық, – деді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік қорының бас директоры Әлфия Әдиева.

Новости партнеров