Жұмыстарды қабылдау 2019 жылдың 1 шілдесінде басталады
Алматы қаласының Туризм басқармасы «Алматы туралы үздік видео» байқауын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Қатысушыларға 5 жүлделі орын тағайындалған. Екі жеңімпазға 300 мың теңге көлемінде сыйақы берілсе, қалған үш жүлдегер бағалы сувенир алады. Әділ қазылар жеңімпаздарды 15 шілде күні анықтап, жариялайды.
Қатысушылардың видеожұмыстары қаланың көрікті жерлерін және туристік ақпаратты қамтуы тиіс. Байқауға 18 жасқа толған кез келген елдің азаматы қатыса алады.
Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Видеоролик Алматының туристік нысандарына қатысты болуы;
2. Роликте автор қаланың көрікті жерлері мен ерекшеліктерін айтып, өз әсерімен бөлісуі;
3. Видеожұмысты өз YouTube арнасында орналастыру немесе электронды поштаға жіберу, e-mail: bestvideoalmaty@gmail.com.
Жұмыстарды қабылдау 1 шілдеден 12 шілде сағат 23:59 дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, байқаудың мақсаты – қазақстандықтар мен қала қонақтарының шығармашылық белсенділігін арттыру және оны ынталандыру. Түрлі видеороликтер арқылы шетелдік және отандық туристерді Алматыға тарту.