Елордадағы «Астана-1» теміржол вокзалының атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгереді. Бұл туралы ақпарат ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тиісті Қаулы жобасы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана теміржол вокзалы «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» болып қайта аталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», – деп жазылған қаулыда.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин