Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

22.09.2022 21:18

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді

Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.