Халық коммунистері Ертіс өзенінде теплоходта павлодарлық ақсақалдармен кездесті

31.05.2019 21:20

Партия жалауы мен Жамбыл Ахметбековтың суреттерін қолға алған белсенділер қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Үгіт жұмыстары партия белсенділерінің «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Оған ардагерлер мен қала жастары қатысты. Қаланың басты көшелерін аралаған партиялықтар тұрғындарға үгіт парақшаларын таратты.

«Партиямыздың бағдарламасы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Біз қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғап, тұрмысын жақсартуды көздейміз. Сондай-ақ, Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып,  жастарды өз елінің патриоты болуға шақырамыз», – деді ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ.

Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды штабы еліміздің солтүстігінде де белсенді жұмыс жүргізуде. Павлодарлық коммунистер аймақ ақсақалдарымен кездесіп, Ертіс жағалауында теплоходпен жүріп өтті. Үгіт тобы оларды кандидаттың бағдарламасын баяндап, сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады.

«Бүгінгі шараға аймақтың ақсақалдары мен мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылған. Ұйымдастырушылар ескі әндерді айтып, қатысушылардың көңілін көтерді. Серуен кезінде жиынға келушілерді сайлауалды тұғырнамамен таныстырдық. Тұрғындар бізді өте жылы қабылдады. Облыс бойынша кандидат Жамбыл Ахметбековты қолдаушылар көп», – дейді ҚКХП-ның облыстық сайлауалды штаб жетекшісі Гаухар НҰҒМАНОВА.