Медеу ауданында тұлға анықтайтын камералар орнатылады

11.01.2020 в 21:20

Бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Алматының Медеу аудандық әкімдігінің өкілдері пилоттық режимдегі тұлғаның кім екенін анықтайтын камералардың қайда орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аудандық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медеу ауданындағы микроучаскелердің бірінде құқықбұзушылықтың азайтуға және қылмыстың бетін ашуға мүмкіндік беретін заманауи жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.

«Негізінде «ақылды камераларды» пилоттық жоба аясында тек Көк базар аумағында орнатылады. Отандық ойлаптапқыштардың өнімі тұлғаның кім екенін және нөмірді анықтауға, адамның не көліктің ереже бұзу деректерін әшкерелеуге және жоғалған заттарды табуға мүмкіндік береді», - делінген аудан әкімдігінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің өкілдері, сондай-ақ белгілі бір рәсімдерден өткеннен кейін іске асырылатынын атап өтті.

«Бұл жан-жақты талқылаудан өтетін жобалардың бірі ғана. Бағдарламаның негізгі мақсаты – адамдар көп жиналатын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету», - деді әкімдік өкілдері.