Ақтөбеде Сирияға кетпек болған бүтін бір отбасы абақтыда отыр

Ақтөбеде Сирияға кетпек болған бүтін бір отбасы абақтыда отыр
Бұл үйдің тұңғыш ұлы Сирияға кеткеннен қайтып оралмаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жат ағымның жетегіне ерген алпыстағы ақтөбелік азаматтың үш ұлы да терроризм бабымен істі болған. Бүгінде асыраушысынан айырылған әйелі мен келіндері өлместің күйін кешіп отыр. Бүтін бір жанұяның қиын жағдайын отбасының таныстары баяндады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Үйдің тұңғышы Сирияға кеткеннен қайтып оралмаған. 

«Отбасының қалған мүшелері,  яғни, әке-шешесі, ересек екі ұлы, келіні мен екі немересі Сирияға аттанып бара жатқан жерлерінен ұсталып, қамауға алынған. Аталары сегіз жылға, екі ұлы бес-алты жылға сотталып кетті. Үшеуі үш жақтағы түрмеде отыр. Мүмкін осылай болғаны да дұрыс болар. Олар соғыс даласында өліп қалғанда не істер едік», – дейді ол.

Сирияға жиналғандар қаланың ескі бөлігіндегі жеке үйлерін сатып жіберген. Қазір әйелдері пәтер жағалап күн көріп жүр.

«Қазір сол жаққа кеткендердің жағдайын естіп отырмыз. Көбінің жолдастары жоқ, соғыс даласында қайтыс болған. Балалары көз жұмған. Мүгедек болып қайтып жатқандар да бар. Бәрі де сол жақта жұмақ өмірдің ортасына барамыз деп алданып қалғандарын айтады.

Қазір олардың әйелдері мемлекеттен атаулы көмек алып отыр. Елді сатты деп оларды ешкім бөліп жатқан жоқ. Осыларды ойласам, бардың қадірін білмей жатқандаймыз. Жат ағымға ерген қаракөздеріміз енді адаспаса екен»,  дейді ақтөбелік келіншек.

Новости партнеров