Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында туристік виза ашылды

11.10.2019 21:22

Электронды визаны 5-ақ минутта алуға болады

Енді аталған елге демалуға баруды көздегендер 5 минуттың ішінде электрондық визаны ала алады. Немесе Корольдікке жеткенде рәсімдеу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл визамен бір жыл ішінде бірнеше рет сапарлауға болады екен. Сондай-ақ үш ай сонда тұруға рұқсат беріледі. Осы виза арқылы қазақстандықтар кіші қажылық та жасай алады. Медициналық сақтандыру да қарастырылған.

«Бұл Сауд Арабиясы үшін жаңа тәжірибе болып саналады. Туристік визаға өтініш берушінің жасы 18-ден асқан болуы керек. Әйелдерге өздерімен бірге қасында туысы болуы шарт емес. Кең киім киюді де талап етпейді. Тек қоғамдық әдепті сақтаса болғаны. Бұл Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы үлкен қадам деп санаймыз», – деді Сауд арабиясы корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Турки Әл-ҚАХТАНИ.