Қалалық «Nur otan» партиясының белсенділері мен мәслихат депутаттары нысандарға мониторинг жүргізіп жатыр
Қалада «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында 200-ден астам әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық «Nur otan» партиясының белсенділері мен мәслихат депутаттары нысандарға мониторинг жүргізу жұмысын жалғастыруда. Мақсат – бағдарламаның сапалы әрі жүйелі орындалуын қамтамасыз ету. Мамандар тексеріс жүргізген нысанның бірі – №23 балабақша. Құрылыс жұмысын міндетіне алған мердігер компания балабақшаны жыл соңына дейін тапсырамыз деп уәде етті. Айта кетейік, жөндеу кезінде санитарлық талаптардың толығымен сақталуы маңызды.
«Жұмыс істеп жатқан адамдардың 50%-дан астамы «Жұмыспен қамту орталығынан» жолдамасы бар. Бұл жерде демонтаж жұмыстарының бәрі әлі жүргізіліп жатыр. График бойынша бәрін үлгеріп жатыр. Санитайзер бар, дезинфекциялық жұмыстар уақытымен жасалып жатыр», – деді «Nur otan» партиясы Әуезов аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Төлеуғали Тайтөлеев.