Қазақстан Қытай мен Қырғызстанның жекелеген адамдар мен көліктер үшін шекараны жартылай ашты. Бұл туралы «ҚР Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы №369 қаулысында айтылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына дейін медициналық персоналдарды тасымалдаушы адамдар мен көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы, Көлжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) арқылы өткізу пункттерінде-инвестициялық келісімшарттар бойынша тасымалданатын тауарлар мен дәрі-дәрмектер, тамақ өнімдері мен тауарлар, гуманитарлық көмек, мемлекеттік тапсырыстар бойынша жүк көліктерінен басқасына шектеу қойылсын, делінген қаулыда.
Алдыңғы ережеден 1) және 3) тармақшалар алынып тасталды. Өткізу пункттері уақытша жабылды:
Қытаймен шекарада – Көлжат, Бақты және Майқапшағай;
Қырғызстанмен шекарада – Жамбыл облысындағы Ахатти, Қордай, Сыпатай батыр және Сартөбе, сондай-ақ Алматы облысындағы Кеген.