Мадиасқа 2018-де ота жасалған, қазір денсаулығы жақсы
Нұргүл Баева босанған кезінде баласының не ұл, не қыз екенін білмеген. Сөзіне қарағанда, туған кезде Мадиастың жыныс мүшесі болмаған. Тек 5-6 айдан кейін дәрігерлер анализ арқылы оның ұл бала екенін анықтаған, деп жазды Stan.kz.
2009 жылы дүниеге келген бала мамыр айында 10 жасқа толады. Алайда Мадиас қатарластарынан әлдеқайда кіші көрінеді.
«Баламды босанған кезде не ұл, не қыз екенін айыра алмадық. Жыныс мүшесі болмады. 5-6 ай болғанда анализ тапсырып, ұл бала екенін анықтадық. Жыныс мүшесінің орнында кішкентай нүкте болатын. Сол кішкентай тесік арқылы кіші дәретке барып жүрді», - деп еске алады Нұргүл Баева.
Мадиасқа 2018-де ота жасалған, қазір денсаулығы жақсы. Анасы ұлының сабақ үлгерімі де өте жақсы екенін айтып қуануда.