Желі қолданушылары таңғалғанын жасырмай, түрлі пікір жазысты
Желі қолданушылары таңғалғанын жасырмай, түрлі пікір жазысты. Бұл туралы ақын Сара Тоқтамысова желіде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтыскер күйеу баласыз өткен тойды басқарып, ерекше қыз ұзату болғанын айтады. Ол жалғыз қалған қалыңдықты қолдап, той соңына дейін жанында болған.
«Шымкент қаласында ерекше той болды. Күйеу баласыз ұзату тойы өтті. Қалыңдық той алдында қобалжып тұр екен. Қорықпа дегендей қолынан қысып-қысып қойдым. Күйеу баламен Америкада танысқан. Мирас есімді ыстының жігіті. Визасы дайын болмай тиісті уақытта елге келе алмай қалған екен. Содан қалыңдықты жалғыз ұзатуға тура келді. Той осылай керемет басталды десем де болады. Бір жағы, Шымкентте танысқан визажист сіңлім Раномның сіңлісі», – деді айтыскер.
Желі қолданушылары таңғалғанын жасырмай, түрлі пікір жазысты.