Шымкентте кене шаққан адамдар саны артты

gov.kz
gov.kz
Қалада дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол отызыншы мамырға дейін жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте кене көбейетін кезең басталды: биыл кене шаққан адамдар саны үш есе артқан, деп хабарлайды Almaty.tv Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шымкент қаласында 2021 жылы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 2 жағдайы тіркелді. 2022 жылдың үш айында мұндай жағдай тіркелген жоқ. Алайда қазір қала бойынша кене шағып, медициналық көмекке жүгінгендер саны 22 адамға жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда дәл осы кезеңде үш есе өскен", - деп хабарлайды комитет мамандары.

Айтуынша, 2021 жылы барлығы жеті жағдай тіркелген.

Sputnik.kz мәліметінше, Шымкент Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша індет көп анықталатын өңір саналады.

Аурудың алдын алу үшін қалада жыл сайын елдімекендердің айналасындағы санитарлық қорғау аймақтарын кенеге қарсы тазарту, сондай-ақ жануарларды, мал қоралары мен буферлік аймақтарды тазалау жүргізіледі. Қалада дезинфекция орталығы мен ветеринарлық қызметтің күшімен көктемгі дезинфекциялық іс-шаралар басталды. Кенеге қарсы шаралар 30 мамырға дейін созылады.

Қала тұрғындарынан іргелес аумақты, мал қорасын механикалық тазалауды, өңдеу жүргізілген жерден қи шығаруды, яғни сапалы дезинфекциялау үшін жағдай жасауды сұрайды.

Новости партнеров