Қазақстан ТМД елдері арасында бастапқы энергияны тұтыну бойынша нешінші орында

01.12.2022 21:25

Бастапқы энергия — жасанды түрлендіру процесіне ұшырайтын табиғаттағы энергия түрі

pixabay

Қазақстанда бастапқы энергия дүниежүзіндегі орташа деңгейден екі есе көп және экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кірмейтін елдерге қарағанда үш есе көп, деп хабарлайды Almaty.tv.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, ҚР-да бастапқы энергия тұтыну ТМД елдеріндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі: жан басына шаққанда 150,1 ГДж. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен екі есе және ЭЫДҰ-ға кірмейтін басқа елдердегі көрсеткіштен үш есе жоғары.

Еуропада бастапқы энергия тұтыну жан басына шаққанда 122 ГДж, Таяу Шығыс елдерінде — 143 ГДж, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде — бар болғаны 63,6 ГДж, дүниежүзілік орташа көрсеткіш — жан басына шаққанда 75,6 ГДж. ТМД елдерінде Түрікменстан мен Ресейде ғана көрсеткіш Қазақстаннан жоғары.

Қазақстанда үй шаруашылықтарының 52,6%-ы орталықтандырылған жылыту жүйесін пайдаланады. Тағы 25,2%-ы автономды пешті газбен жылытса, 23,3%-ы қатты отын, 0,2%-ы сұйық отын, 0,2%-ы электр қуатын жылыту үшін пайдаланады.

Бастапқы энергия — жасанды түрлендіру процесіне ұшырайтын табиғаттағы энергия түрі. Басқаша айтқанда, бұл елдегі халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін және экономиканың барлық саласының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін энергия мен отынның әртүрлі жиынтығы.