Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысады деп жоспарланған
«Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы». Бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төралығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы осындай тақырыппен өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сессия жұмысына онлайн форматта 600-ден астам адам қатысады деп жоспарланған. Олардың қатарына барлық өңірлерден келген Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдение бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың діни бірлестіктердің басшылары, шығармашылық зиялы қауым және БАҚ өкілдері бар. Сессияның жұмысы жөнінде толығырақ қортынды жаңалықтарымызда айтатын боламыз.