|
09.03.2021 | 16:25
1610

Нұркен Әшіровтің «Желдірме» атты кітабының тұсауы кесілді

150 беттен тұратын кітапта ақынның 20 күйі мен 9 әні басылыпты

Нұркен Әшіровтің «Желдірме» атты кітабының тұсауы кесілді

Бүгін елімізге еңбек сіңірген қайраткер Нұркен Әшіровтің қазақ ән күйінің тарихы мен нотасы жазылған «Желдірме» атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туындыда елеусіз қалған күйші-композитор Әшірәлі Шыңқожаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылады. 150 беттен тұратын кітапта ақынның 20 күйі мен 9 әні басылыпты. 

«Осы уақытқа дейін Әшірәлі Шыңқожаевтың аты еміс-еміс әр жерде айтылғанымен еш жерде ол кісі туралы мәліметтер не болмаса күйлері туралы айтылмаған, насихатталмаған», – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Әшіров.

Автор Шу өңірінде өмір сүрген Әшірәліні 2 жылға жуық зерттеп, 100 жылдық мерейтойына арнап құрастырып шыққан. Ұлттық кітапханада өткен шараға белгілі күйшілер мен композиторлар қатысып, елімізде күй қазынасының толығып жатқанын айтады.

«Мынау енді Нұркеннің еңбегінің үлкен бір күй қазынасына қосылған үлес деп айтуға болады. Себебі ноталардың бәрін еңбектеніп, қаншама күй, қаншама ән түсірген», – деді Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ермұрат Үсенов.

«Біздің мәдениеттегі рухани құндылық болады деп айта аламын. Бұл тек нота жазып қана емес ғылыми тұрғыдан да үлкен пайдасы өсіп келе жатқан ұрпағымызға үлкен әсерін береді деп ойлаймын», – деді Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир