Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің тұрғындармен есептік кездесуі өтті
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен өткен есептік кездесуінде көпбалалы отбасылардың әлеуметтік жағдайына айрықша тоқталды.
Әкім көпбалалы әрі тұрмысы төменжанұяларды қолдау мақсатында қалада «Бақытты отбасы» әлеуметтік кешенді тұрғын үй бағдарламасы іске қосылатынын, яғни сондай отбасылардың баспана алуы үшін 2 пайыздық жеңілдікпен 18 жылға несие берілетінін жеткізді. Бауыржан Байбек көмекке мұқтаж топтардың негізгі түйткілін шешуге мүмкіндік беретін тың жобаны жүзеге асыруға қала бюджетінен 5,5 млрд теңге бөлінетінін атап өтті.
Алматы әкімі жылды қорытындылай келе, мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты алдағы жоспары туралы да айтып, жиынға арнайы келген тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.