4562 бала қатысты
Алматыда жыл басынан бері кәмелетке толмаған 7 бала өзіне қол салып қайтыс болған. Ал 9 бала суицид жасауға оқталыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Бір ғана баланың өлімі - біз үшін трагедия» деген алматылық прокурорлар ата-аналар мен мектеп психологтарын балаларға көп көңіл бөліп, оларды бақылауда ұстауға шақырды, Прокурорлар қайғылы жағдайды алдын алу үшін мобильдік қосымша арқылы 4562 баланы тесттен өткізген. Соның ішіндегі 500 жеткіншектің суидцидке бейім екені анықталыпты. Өмірімен қоштасқысы келетіндердің 90 пайызы 14 пен 17 жас аралығындағы балалар. Сонымен қатар прокурорлар былтырға дейін мектептерде жұмыс істеген инспекторларды қайтаруды қолға алмақ. Оларға балалардың қауіпсіздігі үшін бейнебақылау камераларын қарап отыруға рұқсат берілуі керек.
«Өзіне-өзі қол салған және осы әрекетті жасағысы келген балаларға қатысты факті көп. Осыған байланысты біз білім беру басқармасына жазғы демалыс кезінде психологтарды тегін курстан өткізу туралы міндеттеме қойып жатырмыз. Өйткені, психологтар өмірлік қиын жағдайда жүрген оқушыларды анықтай алуы керек», – деді қалалық бас прокурордың көмекшісі Гүлнәр Жанбекова.