Алматыда 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарлануда

06.05.2020 21:28

Алматыда 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады

almaty.tv

Алматыда 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандар салу арқылы жүзеге аспақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтсақ, қалада 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр Олар: әлеуметтік-мәдени объектілерді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілері мен инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және елдімекендерді абаттандыру. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы айтты.

«Жол картасы аяқталғаннан кейін және жаңа құрылыс объектілері аяқталғаннан кейін 2000-ға жуық жаңа жұмыс орындары пайда болады. Жол картасын іске асыру мақсатында Алматы қаласында жаңа жұмыс орындары пайда болады. Орташа жалақы 120 мың теңгенің көлемінде болады. Жұмыс орындары көбінесе құрылыс саласында ұсынылатын болады», – деді  қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр ӘЛКЕБАЙҰЛЫ.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастарға басымдық берілмек. Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысандар салынады.

«Біз нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы арқылы тұрақты жұмыс орнын көбейтуді көздеп отырмыз. Ол үшін бизнес жоспарларды қолдау мақсатында арнайы мемлекеттік гранттар, шағын несиелер мен арнайы оқыту курстары қарастырылып отыр. Бақылау нәтижесі көрсеткендей бүгінгі таңда дәнекерлеуші, электрик, жүргізушілер, медициналық қызметкерлердің және жүк тасымалдаушы мамандықтардың жетіспеушілігі байқалады», – деді  қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Диляра ИМАНҚҰЛОВА.