Рекордтық деңгейде өсті: Қазақстанның әр өңірінде баспана бағасы қанша

astana.gov.kz
astana.gov.kz
Кейбір аймақтарда тұрғын үй 2-4,5% аралығында қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дағдарыс жылына және әлемдік экономикалық қиындықтарға қарамастан, Қазақстанда жылжымайтын мүлік нарығы өсе берді. Еліміздің жекелеген аймақтарында жылжымайтын мүлік құны қанша тұратындығын Almaty.tv тілшісі хабарлайды nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік бағасы нарықтық механизмдермен реттеледі. Яғни, олар сұраныс пен ұсыныс деңгейіне байланысты. 2020 жылы жылжымайтын мүлік бағасы өте жоғары қарқынмен өсті. 2021 жылдың ақпанында сатушылардың нарықтық ұсыныстары бойынша баспана бағасы 3,5%-ға өсіп, рекордтық деңгейге жетті.

Сонымен қатар бағаның өсуі елдің барлық 17 қаласында байқалды. 

Қай қалаларда баспана едәуір қамбаттады 

Шаршы метрге ең үлкен өсім елдің үш аймағында тіркелді: Ақтауда тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы 13,1%-ға өсті. Шаршы метрді сатушылар 216 975 теңгеге бағалады. Бұл соңғы үш жылдағы абсолютті максимум. Бұл деңгей соңғы рет 2018 жылдың қаңтарында, ұзаққа созылған құлдырау кезеңіне дейін тіркелді. Оралда өсім 7,8%-ды құрайды. Квадраттың нақты құны 246 550 теңгені құрайды, бұл соңғы 5 жылдағы максимум. Атыраудағы бағаның өсу динамикасы ақпанда 4,8%-ды құрады, ал аудан бірлігі 296 700 теңгеге бағаланды.

Бір реттік зейнетақы төлемдері бойынша көшбасшылардың қатарына осы аймақтар енгендігіне назар аударған жөн. 

Мегаполистер 

Қазақстанның ірі қалаларында келесі деректер тіркелді:

Алматыда нарықтық ұсыныстар бағасы бір айда 2,4%-ға өсті. Қазір орташа құны бір шаршыға 479 425 теңгені құрайды, бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Шымкент – ақпан айында пәтерлер 2,1%-ға қымбаттады. Шаршы метр 319 400 теңгеге бағаланды.

Баға өсу динамикасы бойынша Нұр-Сұлтан қалалар арасында соңғының алдындағы орынға жайғасты. Өсім 1,6% деңгейімен шектелді, бір шаршы метрдің орташа құны – 362 850 теңге.


Қалалар мен аймақтар 

Кейбір аймақтарда тұрғын үй 2-4,5% аралығында қымбаттады. Осылайша, Өскемен мен Ақтөбеде баға 4,3% -ға өсті (бір шаршы метр үшін 309 350 теңге және 186 400 теңге), Қызылордада – 4%-ға өсті (162 925 теңге).

Басқа қалалардағы бағалар:

Семейде индекс 3,3% өсіп, бір шаршы метр үшін 244 925 теңгені құрады.

Петропавлда өсім – 2,9%, орташа бағасы бір шаршы метр үшін 244 925 теңгені құрайды.

Талдықорғанда өсім – 2,7% өсім және 266 800 теңгені құрады. Қостанайда бағалар 2,5% -ға өсті, ал тұрғын үйдің орташа құны 260 175 теңгені құрайды.

Новости партнеров