Алматыда ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты еске алу кеші өтті
«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деп, өз өлеңімен өрілген кеште өлеңсүйер қауым Мұқағали жырымен сусындап, бір серпіліп қайтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, республиканың әр аймағында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақынды еске алу кеші Алматыдағы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында да өтті. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» деп, өз өлеңімен өрілген кеште өлеңсүйер қауым Мұқағали жырымен сусындап, бір серпіліп қайтты.
«Мұқағалидың өлеңдері адамға рух береді. Мен іс-сапармен көп елдерге шығып жүрдім. Сонда менің таңғалғаным бәрі Мұқағалиды оқиды. Ресейде де Мұқағалиды балалар оқып жатыр. Қай жерге барсам да, Мұқағалиды оқитын адамдар алдымнан кездесіп жүрді», – деді ҚР Мәдениет қайраткері Ботагөз Исмаил.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10