Медеу ауданы тұрғындары әкімнен жүрек ауруларының алдын алу орталығын салуды сұрады

Almaty.tv
Almaty.tv
Есептік кездесуде көтерілген негізгі мәселелер – аудандағы құрылыс жұмыстары мен жол, су, кәріз жүйесі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы аудан әкімдерінің халыққа онлайн есеп беруі жалғасып жатыр. Кезекті кездесуде Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев аудандағы атқарылған істерді тізбектеп берді. Ал тұрғындар тікелей байланысқа шығып, өз сауалдары мен ұсыныстарын жолдады. Есептік кездесуде көтерілген негізгі мәселелер – аудандағы құрылыс жұмыстары мен жол, су, кәріз жүйесі. Сондай-ақ, азаматтар жүрек ауруларының алдын алу орталығын салуды да сұрап отыр.

«Қазып-қазып кетті, бірақ әлі жасалынған жоқ. Думанда жүру мүмкін емес. Машинамен тұрмақ, жаяу адам жүре алмайды. Біздің Думан қазір балшық. Сол мәселелерді әкімге сұрақ қойып, талап етіп шықтым. Осы жылдың аяғына дейін бітеді деді, енді сенеміз», – деді Медеу ауданының тұрғыны Гүлбақыт Тұрлығожаева.

«Мына 6 көшеге алдыңғы жылы қаржы бөлінген болатын. Негізгі көшелерге. Неге 6 көшені таңдадық биылға? Ол мына автобустардың жүруіне ыңғайлау үшін. Яғни, адамдарға, оқушыларға, студенттерімізге, азаматтарымызға орталыққа дейін жету үшін. Қалған көшелерді ауа-райының өзгерісіне байланысты биылға ауысты», – деді  Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев.

Өткен жылы Медеу ауданында 18 аула күрделі жөндеуден өтсе, биыл 22 ауланы жаңарту жоспарда тұр. Сонымен қатар, ауданның 4160 азаматы мемлекеттік бағдарлама аясында жұмысқа орналасқан.

Новости партнеров