Басты мақсат – халық арасында патриоттық рухты насихаттау
Әскер қатарына шақыру науқаны басталғалы Қорғаныс министрлігінің өкілдері өңірлерді аралау жұмысына кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Басты мақсат – халық арасында патриоттық рухты насихаттап, жасөспірімдерді қазақ армиясына баулу болып отыр. Семей мен Өскеменге іс-сапармен барған әскери шенділер бүгінде еліміздің өңірлерінде борышын өтеп жүрген мерзімді қызметтегі үздік әскери қызметшілердің ата-анасына салтанатты марапаттау рәсімін ұйымдастырды.
«Біздің келудегі бірінші мақсат қыркүйекте Жоғарғы бас қолбасшының халыққа Жолдауын үгіт-насихат жасау. Екіншіден, Өскеменнің тұрғындарына, жасөспірімдеріне өзіміздің өнерімізді көрсетіп, жауынгерлік рух көтерейік деген мақсат. Қарулы күштерге 30 жыл толуына орай халықпен бірге екенімізді көрсеткіміз келді», – деді ҚР Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеология департаментінің бастығы Серік Борамбаев.