Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр

04.01.2022 21:29
primeminister.kz

Маңғыстауда үкіметтік комиссия мүшелері белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

"Үкіметтік комиссия сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізуде. Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр" делінген хабарламада.