«Ата өнері – балаға мұра»: Алматыда балалар шығармашылығын дамытуға арналған онлайн-байқау басталды

30.04.2020 21:29

Іс-шара карантин кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізумен қатар, патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған

Кадр из Youtube/S Nushkin

Алматыда балалар шығармашылығын дамытуға арналған онлайн-байқау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шара карантин кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізумен қатар, патриоттық санасын қалыптастыруға бағытталған. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін бұл байқауға жалпы орта білім беретін барлық ұйымдардың білімгерлері қатыса алды. Тек, үміткер үйде отырып, талаптарға сай ұлттық киімде би билеп, дәстүрлі әндерді орындауын видеоға түсіріп, экранда көрсетілген ватсапп +77016801709, +77471196826 нөміріне жолдаса болғаны.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатыса алады;

2. Таңдалған номинацияға байланысты өлең, көркем шығармалардан үзінділерді жатқа оқуға болады, ән немесе би орындап, өзінің физикалық дайындығын көрсету керек;

3. Көрсетілетін нөмірді көркем безендіруге болады (сюжеттік желіні сақтау, костюмдер, атрибуттар, музыкалық сүйемелдеу);

4. Ұсынылатын нөмірдің байқау тақырыбына сәйкес болуы тиіс;

5. Видеоның ұзақтығы бес минуттан аспауы қажет;

6. Дайын видеоны ватсапп арқылы  +77016801709, +77471196826 номерлеріне жіберу қажет.

«Алматы ақшамы» мен «Вечерний Алматы» газеті редакциясы ұйымдастыруымен өткізілетін бұл байқаудың басты мақсаты – баланың мәдениетін арттырып, ұлттық құндылықтарға ұқыпты қарауын үйрету. Байқау шартты түрде үш кезеңнен тұрады. «Қазақстан халқының бірлігі күні» деген атаумен бірінші кезең 30 сәуірде бастау алып, 6 мамырға дейін жалғасады. Ал, 1 мамырдан 22 мамырға дейін «Отан қорғаушылар күні» атты екінші кезең болады. «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» кезеңі 6 мамыр мен 22 мамыр аралығында өтеді», – деді «Вечерний Алматы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Әбдіжамал САПАРҚҰЛОВ.

Байқауға қатысамын деген үміткерлер өтінімдерді және дайын видеоларды экранда көрсетілген электронды мекенжайға жіберулеріне болады. Жалпы 3 кезеңнің қорытындысы 1 маусымда газетке жарияланады. Балалардың шығармашылық өнерін еліміздің танымал өнер және мәдениет қайраткерлері бағалайтын болады. Байқау соңында жеңімпаздарға жүлделі орындар мен естелік сыйлықтар табысталып, марапаттау қағаздары жүлдегерлердің электронды пошталарына жіберіледі.

Өтінімдерді қабылдайтын электронды пошта мекенжайы: jangali_1995.kz@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша:  +77752211707, +77002679668, +7747 119 68 26