Басты мақсат – халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу
Алматыда «Наурызбай ауданының дамуы» атты ашық есік күндері өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басты мақсат – халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу.
Азаматтардың сұрақтарына Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметкерлері жауап береді.
Мемлекеттік қызметтерді онлайн режимінде алу мүмкіндігін көрсету жоспарлануда.
Сондай-ақ, құрылыс регламенттері түсіндірілетін болады.
Айта кетейік, ашық есік күні 26 шілде сағат 18.00-де Абай даңғылы, 90 мекен-жайында орналасқан «Алматыбасжоспар» ғимаратында өтеді.