Әділ Қазақстан – адал азамат: Алматыда этномәдени орталығының өкілдері бас қосты

Almaty.tv
Almaty.tv
Басқосуда Ұлттық құрылтай отырысында Президент айтқан тапсырма талқыланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Әділ Қазақстан – адал азамат». Ұйғыр этномәдени орталығының өкілдері Алматыды осындай тақырыпта жиын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Басқосуда Ұлттық құрылтай отырысында Президент айтқан тапсырма талқыланды. Азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық бірлікті нығайту сынды қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, оны шешу жолы қарастырылды.

– Қоғамда лудомания деген мәселе өзекті болып отыр. Соған тоқталып өттім. Ресми түрде ақпарат бойынша 119 млрд теңге салық төлейді екен. Ал құмар ойнына әуес жандарды емдеу үшін мемлекет тарапынан 140 млрд теңге талап етеді екен. Адамның қарым-қатынасы, отбасы бұзылады. Ол ұрлық,  қылмыс жасайды, – деді ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Ислам Байрамуков.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен биыл маусым айында Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өткен болатын. Бұл – Президент жанындағы консультативті кеңесші орган, билік пен бұқара арасындағы қоғамдық көпір. Құрылтайдың 117 мүшесі бар. Олар – әр өңірдегі түрлі саланың бетке ұстар өкілі. Арасында ақын, ғалым, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ бизнес, қаржы, экономика, спорт пен білім саласының үздіктері бар.

– Кез келген мемлекетті қалыптастыру үшін тұрақтылық қажет. Тұрақтылық – қоғамды құрудың іргетасы. Жиында осы мәселені кеңінен талқыладық. Қазақстан – түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан ынтымақты мемлекет. Енді осыны сақтап қалу біздің қолымызда, – деді Ұлттық құрылтай мүшесі Шаймардан Нұрымов.

Новости партнеров