Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Медеу ауданын аралаған кезде Горный қиылысындағы учаскені көрдім. Бірқатар жеке үйлер қауіпті аймаққа салынған әрі жыл сайын жауыннан топырақ шайылып, алаңдаушылық туғызуда. Сондықтан әкімдік пен ТЖД бұл мәселені дұрыс шешу бойынша ұсыныс берулері тиіс. Бұдан былай өкілетті құрылымдар жеке түрғын үй салу үшін жер бөлу кезінде табиғи құбылыстарды ескере отырып, қауіпсіздікті басты назарда ұстағандары абзал. Құрылысқа бақылауды барынша күшейту қажет», - деді Алматы қаласының әкімі Facebook парақшасында.