|
30.09.2020 | 16:32
1020

Алматы облысында көпбалалы отбасы баспанаға зәру

Бір ғана отағасының тапқан табысы күн көрістен аспайды

Алматы облысында көпбалалы отбасы баспанаға зәру

Көпбалалы отбасы баспанаға зәру. 5 баласымен пәтер жалдап тұратын Кәмшат есімді ана тұрғын үй кезегіне осыдан 7 жыл бұрын тіркелген. Бір ғана отағасының тапқан табысы күн көрістен аспайды. Ал аудандық әкімдік әлеуметтік осал отбасына қандай көмек көрсетіп отыр? Жылдап күткен баспанасынаға жанұя қашан қол жеткізе алады? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Кәмшат Базарбекқызы – 34 жасында алтын құрсақ атанған ана. 5 баласы бар. Жастайынан тағдыр тауқыметін көріп келе жатқан ол екі бірдей сал ауруына шалдыққан бала бағып отыр. Бақытын баладан тапқан базарлы үйдің тұрмысы қазір сын көтермей тұр. Балаларының күнделікті тамағы мен ұлдарының дәрілері бірде болса, енді бірде одан таршылық көретінін айтады, оның үстіне қаржылық қиындық тағы бар.  

Кәмшат бес баласымен мына қуықтай ғана бөлмені жалдап тұрады. Балаларының үлкені 14-те болса, кішісі 4 жасқа да толмаған. Олардың екеуіне қазір ерекше күтім қажет. Отбасының қазіргі басты арманы – ешкімге кіріптар болмай өз баспаналарында өмір сүру.

Алинұр – жасы төртте болса да, дене бітімі мен дамуы төрт айлық баладай. Бұған дейін ірі қалалардағы оңалту орталығына барып ем алғанымен, нәтежие аз. Десе де дәрігерлер бала үздіксіз ем алса, аяғынан тұрып кетуіне мүмкіндік бар екенін айтқан. Жақсы орталыққа барайын десе, қол қысқа.  

«Бізге үй жайынан, үй жағынан көп болса болар еді. Біздің не ары емес не бері емес, тұратын жеріміз жоқ. Бізді 4 баламен еш жер алмайды. Арзан пәтерлер іздедім, бәрі жоқ сізде бала көп, оның үстіне екі мүгедек балаңыз бар деп», – деді көпбалалы ана

Кәмшат Буконева.

Қарасай аудандық әкімдігі отбасының әлеуметтік жағдайынан хабардар. Бұған дейін Кәмшат базынасын айтып жергілікті әкімдікке барғанда олар шалғай жақта орналасқан мекеннен үй салу үшін жер алуын ұсынған. Не газы, не суы жоқ аймақтан жер алуды Кәмшаттың өзі де бас тартқан көрінеді. Оның үстіне осынша баламен үй салмақ түгілі құрылыс жасауға да мүмкіншілігім жоқ дейді ол.  

«2013 жылы мүгедек баланы асырап отырған санатпен үй кезегіне тұрған. Қазір кезек бойынша бұл отбасы 149 кезекте тұр. Аталған санат бойынша қазіргі таңда үй беріліп жатқан жоқ. 2 апта бұрын көпбалалы отбасыларға жалдамалы 12 үй берілді. Бірақ бұл отбасы санаты бойынша үй беріліп жатқан жоқ», – деді Қарасай аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ермек Нәбиев.

Бүгінде отбасының тұрақты кіріс көзі жоқ. Жалғыз отағасының тапқан табысы пәтер ақысы мен екі баланың дәрісінен ауыспайды. Кәмшат жаны жомарт жандардан көмек сұрайды. Отбасы үшін қазір жәрдем қай жағынан болса да аса қажет. Жаны жайсаң жандар болса, экранда көрсетілген мәліметтер арқылы отбасыға хабарласуына болады.  

Кәмшат Базарбекқызы

Тел: +7 771 442 3515

Kaspi Gold KZ 75722C000042210200

Halyk Bank KZ 176010002012331174

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир