Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы хабарлады
Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"ҰАТ" АҚ қызметкерлері "электронды үкімет" компоненттері, оның ішінде eGov.kz порталы, "Ашық үкімет" порталы, eGov мобильді қосымшасы және негізгі мемлекеттік деректер базасы (ЕЛ МДҚ, ЕҮТШ, ЕҮСШ ақпараттық жүйелері) жұмысын қалпына келтірді.
"Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтарында, арнайы ХҚО-да және екінші деңгейлі банктерде мемлекеттік қызметтер қолжетімді", – деп хабарлады.
Еске салайық, 3 тамызда eGov.kz порталының жұмысында ақау шыққан болатын.
Сондай-ақ Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары мен екінші деңгейлі банктерде де мемлекеттік қызметтер қолжетімсіз болды.