|
26.05.2023 | 20:27
2174

Оралдағы әуежай толығымен шетел азаматының қолына өтпеген - әкім

Әуежайдың ұшып-қону жолағы, терминалы мемлекет меншігінде

Оралдағы әуежай толығымен шетел азаматының қолына өтпеген - әкім Almaty.tv

Оралдағы әуежай толығымен шетел азаматының қолына өтіп кетпеген. БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиев Мәншүк Мәметова атындағы әуежайдың неліктен ресейлік компанияның басқаруына берілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, компанияның әуежайда 49 пайыз үлесі бар. Тағы 49 пайызы Қазақстан азаматына тиесілі. Қалған 2 пайызы да отандасымыздың үлесінде. Демек, әуежайдың ұшып-қону жолағы, терминалы мемлекет меншігінде. Ал ресейлік компанияда тек қана ұшақ ұшып келгенде бұрылатын шағын учаске мен тұрақ бар екен. Қалған барлық стратегиялық нысан мемлекеттікі тиесілі.

– Басқарушы компания келіп,  тек қызмет атқарып жатыр. Яғни, әуежайдың сол жерде беретін қызметі. Ұшаққа ешқандай компаниялардың қатысы жоқ. Осыны біз жақсы түсінуіміз керек. Осы компанияға жолаушыларға дұрыс, сапалы қызмет ету мақсатында нақты тапсырма беріп отырмыз, – деді БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиев.

Өңір әкімі батыста киіктердің саны күрт өсіп кеткенін де айтып қалды. Ақбөкендердің жалпы саны қазір 1,5 миллионға жеткен. Сайын дала еркелері шаруаларға зиянын тигізіп жатқанын жеткізді. Алайда, күзге дейін күтуден басқа амал жоқ екен. Себебі Қазақстан – СИТЕС деген халықаралық конвенцияның мүшесі. Ал олардың санағы бойынша киіктердің 95 пайызы біздің елде.

– Бұл – жойылып бара жатқан түрі. Біз енді шаруалармен, тұрғындармен келісіп, бір шешімге келуіміз керек. Осы уақытқа дейін ешқандай шешім қабылданған жоқ. Сарапшыларымыз күзде Ташкентке барып, халықаралық мәселелерді талқылайды. Бізге күту керек, – деді БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир