Мектеп асханаларында бұдан былай фастфуд сатылмайды

11.04.2019 21:32

Балалар тек денсаулыққа пайдалы тағамдармен тамақтануы тиіс

Еліміздегі мектеп асханаларының ас мәзірі өзгереді. Оқушылар тұтынатын тағамдардың ішінде газды сусын мен фастфуд атымен болмайды. Астаналық оқушыларға кола мен бургер сатып алуға қазірдің өзінде шектеу қойылған. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз орталығында елордалық білім басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Мектеп асханаларында болмауы тиіс тамақтар қандай деген ата-аналардың сұрағына жауап беретін болсақ, ол – кетчуп, ас қатығы және басқалары. Яғни мектепте фастфуд сатуға мүлдем болмайды», - дейді Нұр-сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат ЖЕКЕБАЕВ.

Ал, оқушыларға ұсынылатын тағамдарды бақылайтындар қатарында – Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, депутаттардан құралған ведомоствоаралық сарапшы мамандар, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар бар.