Отандық туынды әлемнің үздік 8 картинасымен бақ сынасқан
Қазақстандық деректі фильм «Атлантика» халықаралық кинофестивалінің шорт тізіміне енді. Отандық туынды әлемнің үздік 8 картинасымен бақ сынасқан. Айта кетерлігі, ол 2020 жылдың басында Франция мен Германия елдерінде түсірілген. Елімізде фильмнің алғашқы тұсау кесері Талдықорған мен Алматы қаласында өтті. Әлемдік кинемотографияның майталман мамандарынан жоғары баға алған фильм туралы толығырақ Almaty.tv тілшісі Қаламқас Нысанбай жалғастырады.
«Кішкентай ханзада» атты деректі фильм, әлемнің 4 бірдей елінде көрсетілген. Бас кейіпкер қазақтың талантты ақыны Танакөз Толқынқызы. «Мен кіммін?», «Мен не үшін өмір сүріп жүрмін?» деген сауалдарға жауап іздеп, өзіне есеп береді.
«Бұл үлкендерге арналған ертегі кішкентай философ ханзада бүкіл планеталарды аралап оның кем-кетіктерін, артықшылықтарын, адам бойындағы барлық міндерді ол ертегінің кейіпкері ретінде адамның жанын жараламай отырып жеткізеді», – деді ақын
Танакөз Толқынқызы.
Деректі фильм Колумбия, Таиланд, Түркияда өткен халықаралық кинофестивальде ресми секциясына, шорт-листқа кіріп, үздіктердің қатарына енген. Сонымен қатар, Даккада өтетін халықаралық кионфестивальге шақырту алып, ол фестивальде әйел- кинематографистер секциясына таңдалып алынған. Онымен қоса, 56 мың фильмнен тұратын Францияның онлайн кітапханасына енген екен.
«Фильм қазақ тілінде түсірілді. Бүкіл әлем оны қазақ тілінде тыңдады. Астында француз, ағылшын, орысша субтитрлерімен. Бұл ненің белгісі? Біз өз елімізде жүріп, қазақ тілі босаға да жүр, өз тұғырына қона алмай. Ал оның бүкіл әлемнің ең үздік киногерлері мамандары, жүйремшелері оны қазақ тілінде тыңдады. Қазақ тілімен ақ әлемді бағындыруға болады. Көбіне басқасаңыз әлемдік ареналарда орыс тілді фильмдер жүреді», – деді ақын Танакөз Толқынқызы.
«Кішкентай ханзада» – бұл фильм монолог. Адамның өз жанымен тілдесуі дейді, сценарий авторы және қоюшы режиссеры Қарлыға Хасен. Оның сөзінше, деректі фильмді түсіруге айтарлықтай қаражат кетпеген. Ал, жалпы 6 адам ат салысып, 6-ақ күнде түсіріп шыққан.
«Бізде енді көбіне өнер адамдарын бұл өмірден қайтқан соң, өліп қалған соң, еске алып кино жобалар жасайды. Меніңше, бұл дұрыс емес. Осыны өзгерту керек. Себебі адам тірі кезінде, адам жас кезінде айтар ойын айтып қалуы керек. Ол тарихта қалады. Сондықтан мен осы шекараны бұзғым келді», – деді сценарий авторы және қоюшы режиссері Қарлыға Хасен.
Сонымен қатар, режиссер фильмде бірінші кейіпкердің ішкі жан дүниесі, ойы қажет болғанын айтады. Сарапшылар да сол кейіпкердің шынайылығы үшін жоғары бағалаған көрінеді. Фильмнің аты «Кішкентай ханзада» деп аталу себебін былай түсіндірді.
«Өйткені бұл менің кейіпкерімнің ғашығы, сүйіктісі. Ал, шын мағынасына келсек, кішкентай ханзада бұл Танакөздің француз тілінде оқыған алғашқы кітабы», – деді сценарий авторы және қоюшы режиссері Қарлыға Хасен.
Жоба авторларының айтуынша, шетелде көрсетілген фильмді көруге Парижге қоныстанған қазақтар, жұмыс бабымен барғандар, қазақ тілінде сөйлейтін француздар және Еуропаның түкпір-түкпірінен көрермен келгенін айтады.
Қаламқас Нысанбай, Нұрлан Өтеген, «Алматы» арнасы