Мәдениет министрлігі қазақстандықтардан Түркияға барудан бас тартуды сұрады

15.04.2021 21:33

Соңғы күндері мұнда тәулігіне коронавирусты жұқтырған 50 мыңнан астам адам анықталды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті Түркиядағы коронавирустық инфекцияның санының күрт өсуіне байланысты қазақстандықтарға үндеу тастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Министрлік Түркияда эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлағанын атап өтті: соңғы күндері мұнда тәулігіне коронавирусты жұқтырған 50 мыңнан астам адам анықталды.

«Осыған байланысты біз Қазақстан азаматтарынан жағдай тұрақталғанға дейін осы елге барудан аулақ болуды сұраймыз. Барған жағдайда эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын мүмкіндігінше сақтаңыздар, қонақ үй маңынан шықпауға тырысыңыз және адамдар көп шоғырланатын орындарға барудан аулақ болыңыздар», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елдің бас санитарлық дәрігерінің соңғы жарлығына сәйкес, басқа елдерден қайтып оралған азаматтарға теріс нәтиже көрсеткен ПТР куәлігі болмаса, ұшаққа кіре алмайтындығы туралы ескертілді.