Nur Otan партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалы белсенділері, сондай-ақ «Праймериз» қатысушылары аудандық әкімдіктермен және «Рахым» әлеуметтік үйімен бірлесіп, тұрмысы төмен және мұқтаж алматылықтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қиын-қыстау сәтте оларға бірінші кезекте қажетті азық-түлік таратып, өзге де керек заттармен қамтамасыз етті.
«Коммуналдық қызметкерлерге бұзылған ғимараттарды жөндеуге қаржылай көмек көрсетіліп жатыр. Оның жалпы саны 30 миллионға жуықтады. Бұл қызмет әрі қарай да жалғасады. Сонымен қатар қаламызда 2 жедел желі қоңыраулары жұмыс істеп тұр», – деді Nur Otan партиясы алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Эльмира Омарова.
6 қаңтардан бастап Jas Otan жастар қанатының еріктілері де 2 мыңнан астам әскери қызметшіні, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметкерлерін үздіксіз ыстық тамақпен қамтамасыз етіп жатыр.
Айта кетсек, әлеуметтік сұрақтар немесе өзге де мәселе бойынша төменде көрсетілген нөмірге хабарласып, қызмет алуға болады. Олар психологиялық көмек те көрсетіп, аласапыранда отбасы мүшелерін жоғалтқан жағдайда да байланысқа шыға аласыздар.