Жас қыз бәрі ұйқыға кеткен кезде ғана сыртқа шығып жүрген
Үндістанда сүйіктісін өз бөлмесінде ата-анасынан 11 жыл бойы жасырып, онымен бірге тұрып келген азамат ақыры ғашығына үйленіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
24 жастағы Рахман ата-анасы некеге қарсы болатынынан қорқып, 18 жастағы Саджита есімді бойжеткенді ұзақ жылдар бойы жақындарымен таныстырмай келген. Жігіттің сүйіктісін жақындарынан жасырып, өзінің шеберханасына орналастырғаны 2021 жылдың жазында әшкере болады.
Белгілі болғандай, қос ғашықтың өз махаббаты туралы жақындарына айтуға батылы жетпеген, себебі, екеуінің діндері екі бөлек болған. Саджита 2010 жылы үйінен кетіп, сол күннен бері жақындары одан мүлде хабар алмайды. Жас қыз үнемі жігіттің бөлмесінде отырып, ер адамның отбасы жұмыста болғанда және бәрі ұйқыға кеткен кезде ғана сыртқа шыққан.
Үйінде өзгелерден жасырынған қалыңдық тұрып жатқанынан 11 жыл бойы бейхабар болған ата-анасы бұл некеге ақыры батасын бермеді. Олар ұлының тойына қатыспай қойды. Той Керала штатының Неммара қаласында өтті.
«Осы сәттен бастап біз тыныш әрі бақытты өмір сүруді қалаймыз», – дейді күйеу бала.