Аида Балаева «Вечерний Almaty» газетін 85 жылдық мерейтойымен құттықтады

27.04.2021 21:35

Адал оқырман үшін де үлкен мереке

assembly.kz

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Вечерний Almaty» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның 85 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аида Балаева «Вечерний Almaty» басылымының 85 жылдық мерейтойы тек газетті жарыққа шығарғандар мен шығарып жүрген журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге оның барлық адал оқырманы үшін де үлкен мереке екенін атап өтті.

«Вечерний Almaty» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның алғашқы нөмірінің шыққанына 85 жыл толуымен құттықтаймын!

«Вечерка» өзінің ұзақ жылдар бойы Қазақстанның орыс тілді баспасөзінің ең тұрақты және танымал брендтерінің, сондай-ақ, Алматының басты символдарының біріне айнала білді. Сіздердің көпшіліктеріңізді және редакция ардагерлерінің ішінен біраз әріптесімді жақсы танимын, өте құрметтеймін және бағалаймын. Мен бұл 85 жылдық мерейтойды тек газетті жарыққа шығарғандар мен шығарып жүрген журналистер үшін ғана емес, сонымен бірге оның барлық адал оқырманы үшін де үлкен мереке деп санаймын. «Вечерний Almaty» ұжымына шығармашылық табыс, биік белестер тілеймін. Сіздер ұсынатын материалдар әрқашан өзекті, сенімді және сұранысқа ие бола берсін дегім келеді», – деді министр.