Заттардың кедендік жалпы құны 57,6 миллион теңгені құрайды
Алматы облысы бойынша «Алтынкөл –жол» кеден бекетінің және Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің мамандарымен бірлесе кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында Қытайдан Қырғызстан Республикасына өтпек болған, жалпы салмағы 15 тоннадан астам декларацияланбаған тауар анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Заттардың кедендік жалпы құны 57,6 миллион теңгені құраса, кеден төлемдерінің мөлшері 15 миллион теңгеге жуық. Аталған іс бойынша заң бұзған азаматтар жауапқа тартылатын болады.