Еліміздің 18 жас маманы Литваға оқуға аттанады

25.10.2019 21:35

Оқу аяқталысымен жас нейрохирургтар бас ми тамырына жасалатын күрделі оталарды меңгеріп шығады

Олар заманауи нейрохирургия саласы бойынша 6 айлық және 1 жылдық тәжирибеден өтетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Енді Алматыдағы № 7 қалалық клиникалық ауруханасының доктор-резиденттеріне Еуропадағы ең мықты деген жоғары оқу орындарының бірінен тегін білім алуға мүмкіндік туды. Оқу аяқталысымен жас нейрохирургтар бас ми тамырына жасалатын күрделі оталарды меңгеріп шығады.  

«Біз қазір құжаттарды дайындап жатырмыз. «бар. Жас мамандарды даярлау бойынша Эразмус плюс», «Литвалық денсаулық институты» халықаралық бағдарламасы бойынша жұмыс істемекпіз. Елімізде нейрохирургия саласы қарыштап дамып келеді. Түрлі жаңа емдеу тәсілдері еніп жатыр», – деді «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» нейрохирургия кафедрасының меңгерушісі Ермек ДҮЙСЕНБЕКОВ.