Қазақстандықтар республика әкімдерінің ұлттық рейтингіне дауыс беруге қатыса алады

24.01.2023 21:35

Аралық дауыс беру нәтижелері 3 ақпанда белгілі болады

ашық дереккөзден

2022 жылы көптеген әкім ауысып, кейбірі орнын босатса, енді бірі көптен күткен зейнетке шығу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, мемлекеттік қызмет жаңа буынмен толықты. 2023 жылдың да жаңа әкімдер үшін оңай болмасы анық. Сондықтан осы тұста сауатты PR мен барынша ашық болу олардың жұмысына оңды әсер етпек. Яғни адамдармен тіл табысып, қоғамдық ұйым өкілдерімен, белсенділермен кездесу басшылық жұмысын жақсарта түседі. Қазақ тіліндегі ең ірі ақпараттық ресурс Stan.kz осымен екінші рет өңір тұрғындарының пікірін білуге бағытталған әкімдердің "Ел Үні – 2023" рейтингтік жобасын ұсынады. Әкімдер жұмысының сапасы туралы не айта аласыз?

Ашық дауыс беруге барлығы қатыса алады. Дауыс беру қорытындысы бойынша "Ең лайықты", "Тұрғындар үміті" және "Антирейтинг" деп аталатын үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталады. Дауыс беру нәтижелері шынайы түрде бірден ашық көрсетіледі.

Аралық дауыс беру нәтижелері 3 ақпанда белгілі болады. Соңғы қорытынды 15 ақпанда жарияланады. Өз дауысыңызды қалдырып, елді жақсы жаққа өзгертіңіз!

Сондай-ақ жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі өмір сүру сапасының рейтингі құрастырылады. Ол халықтың әл-ауқаты, климаттық жағдайынан бастап он көрсеткішті біріктіреді. Біз әр ақпаратты шынайы көрсету үшін жобаға қолжетімді болған материалдарды назарларыңызға ұсынамыз. Мысалы, аймақтарды салыстыру деректері. Сол арқылы кімнің көш бастап, кімнің көш соңында қалғаны бір айдың ішінде анықталады.