|
06.02.2021 | 16:35
1044

Шығыс Қазақстанда Жастар орталығы мен автобекет салынады

Бесқарағай ауданында екі пәтерлі 20 үй бой көтеріп, Қарағайлы, Долон және Қарабас ауылдарында сумен жабдықтау бойынша үш жоба аяқталады

Шығыс Қазақстанда Жастар орталығы мен автобекет салынады

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында Жастар орталығы салынады. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму туралы аудан әкімінің онлайн-есеп беру кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бесқарағай ауданының әкімі Шалқар Байбеков елді мекендерді дамыту бағдарламасы аясында Жастар орталығы мен автобекет салынып, «Бесқарағай-Бозтал» және «Бесқарағай-Қоянбай» бағыттары бойынша ауданішілік маршруттар ашылатынын атап өтті. 

Бұдан бөлек, ауданда екі пәтерлі 20 үй бой көтеріп, Қарағайлы, Долон және Қарабас ауылдарында сумен жабдықтау бойынша үш жоба аяқталады. 

«Глуховка, Жетіжар, Бөдене, Мостик және Ерназар ауылдарында су құбырларының құрылысы басталады. 12 көшенің орташа жөндеуі аяқталып, алты көшеге жарық орнатылады. Сондай-ақ Мостик және Қоянбай ауылдары ұялы байланыспен қамтамасыз етіледі», – деді Шалқар Байбеков. 

Жиын барысында аудан тұрғындары толғандырып жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. 

«Бесқарағай ауданындағы ауылдардың 75 пайызы ауызсумен қамтамасыз етілген. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Жалпы облыс бойынша 2024 жылға дейін барлық елді мекендерді ауызсумен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз», – деп қорытындылады аймақ басшысы Даниал Ахметов.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир