Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирде екінші орынға ие болды

АБФФ
АБФФ
Қазақстандықтар соңғы ойында Молдова құрамасын 5:0 есебімен тас-талқан етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Минскіде өткен «Даму кубогы» халықаралық турнирінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстандықтар соңғы ойында Молдова құрамасын 5:0 есебімен тас-талқан етті. Кирил Морунов шәкірттерінен, әсіресе, шабуылшы Ян Труфанов ерекше көзге түсіп, хет-триктің авторы атанды. Сондай-ақ Глеб Валгушев пен Мирас Оматай бір-бірден гол соқты. Мұның алдында қазақстандықтар бастапқы кездесуінде Тәжікстан құрамасына 1:7 есебімен (жалғыз голдың авторы Никита Губарев) ұтылған еді. Дегенмен екінші матчта алаң иелері – Беларусь құрамасын 4:2 есебімен (гол авторлары: Мирас Оматай, Әмірәлі Оразбек, Әмір Темірғали және Ян Труфанов) тізе бүктірді. Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткеніндей, осы екі жеңістің арқасында жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирдің күміс жүлдесіне ие болды.


Новости партнеров