Наурызбай ауданының әкішілігі қарияларға арнап дастархан жайды

24.10.2019 21:36

Бүгінде ауданда 8355 зейнеткер тұрады

1 қазан  Қарттар күніне орай аталған ауданда бір айлық көмек көрсету акциясы басталды. Бүгін Алматының Наурызбай аудан әкішілігі ақсақалдар мен ақжаулықты аналардың басын қосып дастархан жайлы, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінде ауданда 8355 зейнеткер тұрады. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері де бар. Қарттар айлығы аясында 500-ге тарта әлеуметтік аз қамтылған зейнеткерлерге көмек көрсету жоспарланған.