2020 жылы қай мерекелер жексенбіге түседі?

04.03.2020 21:37

Биыл 30 тамыз Конституция күні де жексенбіге түсіп тұр, ол күн 31 тамызға (дүйсенбіге) ауыстырылады

2020 жылы үш мереке – 8 Наурыз, Наурыз мейрамының екі күні мен Конституция күні жексенбіге түседі. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер үш күн демалысынан айрылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Uchet.kz сайтының мәліметінше, Халықаралық әйелдер күні 9 наурызға, дүйсенбіге ауыстырылады. Алайда енді жаңа ереже бойынша қазақстандық шенеуніктер әдеттегідей жұмысқа шығады, дүйсенбі олар үшін жұмыс күні болып саналады.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер Наурыз мейрамындағы бір күн демалыста да демалмайтын болды. Себебі 21-22 наурыз мейрам күндері демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, ол күндер дүйсенбі мен сейсенбіге ауыстырылады. Бірақ әзірше осы күндердің нақты қайсы мемлекеттік қызметкерлер үшін жұмыс күні болатыны белгісіз.

Биыл 30 тамыз – Конституция күні де жексенбіге түсіп тұр, ол күн 31 тамызға, дүйсенбіге ауыстырылады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, мемлекеттік қызметшілер келесі дүйсенбі күні жұмысқа шығуға тиіс болатынын айтқан еді.