«Іскер отбасы» орталығында қиын жағдайға тап болған аналарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Іскер отбасы» орталығы Алматы қаласындағы жалғызбасты аналар, зейнеткерлер мен ардагерлерге, мұқтаж отбасылар мен қиын жағдайға тап болған 50-ге жуық отбасыға азық-түлік себеттерін таратты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қайырылымдық шарасына «Жұлдызды отбасы» қоры мен қала әкімдігі мұрындық болған.
«Мұқтаж адамдарды көрген соң, қайырымдылық қорын ашуға бел будым. Қала әкімдігінен тізімді алып, зейнеткерлерге, көпбалалы аналарға және аз қамтылған отбасыларға көмектесеміз», – деді «Жұлдызды отбасы» қайырымдылық қорының жетекшесі Жансая Жанбекова.
Сондай-ақ, «Іскер отбасы» орталығында қиын жағдайға тап болған аналарды жұмыспен қамту мәселесі де қарастырылған. Олар сұлулық салоны, білім беру орталығы мен аспаздық цехы секілді түрлі мекемелерде жұмыс істей алады.