Олар бір ай бойы кондитерлік курс оқыды
Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көпбалалы аналар марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар бір ай бойы кондитерлік курс оқыды. Мамандықты игерген 30 ана аталған салада кәсіп ашуға ниетті.
«Бүгінгі таңда келіншектер, әйелдер, аналар үйде отырып бала тәрбиелеп отырғысы келмейді. Кәсіп үйреніп, бизнес ашудың жолын іздеп жүр», – деді көпбалалы ана Ардақ Шынтемірова
«Олар бір ай бойы талмай еңбек етіп, бүгін сертификатын алды. Басты мақсат – орталық арқылы әйелдерге кәсіп ашу және оны дамыту», – деді «Атамекен» ҰКП кеңесшісі Әсел Жарасова