Ақтауда ит қапқан ер адам көз жұмды

01.02.2019 21:37

lada.kz


Ақтауда ер адам ит қауіп алғаннан кейін қайтыс болды деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті. Марқұмның аты-жөні белгісіз.

«Бұл оқиға 20 қаңтар күні болған. Түнгі сағат 04:36 шамасында полиция бөлімшесіне Маңғыстау облыстық ауруханаға бірнеше жерінен ит қауып алған ер адам жетізілгені туралы хабарлама  түскен», - делінген хабарламада.

Ер адам көп қан жоғалту салдарынан  қайтыс болып кеткен.  Ол біреудің жеке ауласына кірмекші болған екен.

Полиция болған оқиғаны растады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.